Ф. 7.11-11
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ
әдебиеті кафедрасы
Келісілді:
Бекітемін:
Филология институтының Оқу ісі
жөніндегі
директоры Б.М.Тілеубердиев проректор Ө.Үмбетов
«___»__________200_ж.
«___»_________200_ж.
ЖҰМЫСТЫҚ Оқу БАҒДАРЛАМАСЫ
Институты
Филология
Мамандығы 050205 Филология
Оқу түрі
күндізгі
Дәріс
сабақ
1 5 сағ
Практикалық
сабақ
15
сағ
ОСӨЖ
30 (15 ауд.+15ауд. тыс)
сағ
СӨЖ
30 сағ
Барлық сағат
саны
90 сағ
Емтихан 2
семестр
Барлық балл:
ағымдағы және аралық бақылауға 60
қорытынды
бақылауға 40
Шымкент-2008 ж
Жұмыс
бағдарламасы Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті
ОӘБ
бекіткен «Ежелгі дәуір және
орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша типтік бағдарлама
негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ
әдебиеті кафедрасы тарапынан түзілген.
Жұмыс
бағдарламасын дайындаған: ф.ғ.к. доцент м.а. С.Дуанаева
Жұмыс
бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.
Хаттама № 7 24
желтоқсан 2008ж.
Кафедра
меңгерушісі: _____________ ф.ғ.к. Оразбаев Қ.
Жұмыс
бағдарламасы Филология институтының әдістемелік комиссиясында
мақұлданды Хаттама №
5 30 желтоқсан 2008ж.
Төрағасы: Тұрмаханова С.
Жұмыс
бағдарламасы кафедралармен келісілген (кафедралар тізімі, пән
аттары, меңгерушілердің аты-жөні мен қолы, мерзімі)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1. Оқу
үрдісінде пәннің алатын орны мен мақсат,
міндеттері.
1.1 Пәнді оқытудың
мақсаты: Әдебиет тарихы - әдебиеттану
ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі.
Қазақ елінің тарихы қазіргі
түркі тілдес халықтардың қоғамдық,
әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен
қадым замандардан бері өзара тығыз байланысты
болғандығын ұғындыру.
Бүкіл түркі тілді халыктарға ортақ
әдебиет /ҮІ-ХҮ-ғасырлар/, ежелгі түркі тілді
әдебиет - бертін келе қазақ халқының
этникалық құрамына енген тайпалардың көне
дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі
ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері
екенін түсіндіру.
1.2 Пәнді үйретудің негізгі
міндеттері: Түркі тілді
халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлардағы
тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру
қажеттігін айқындау:
Бірінші,
ҮІ-ІХ
ғасырлардағы
көне түркі
/"Күлтегін", "Білге каған",
"Тоныкөк" жырлары, “Қорқыт ата кітабы”,
“Оғызнаме”, Әбу Насыр әл-Фарабидың әдеби
мұралары/.
Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет
/Махмұд Қашғари. "Дуани лұғат
ат-түрік"; Жүсіп Баласағұн.
"Құтадғу біліг"; Ахмед Иүгінеки.
"Хабатул-хақайық"; АхметЯссауи. "Диуани хикмат";
Сүлеймен Бақырғани.
"Бақырғани кітабы"/.
Үшінші, ХІІІ-ХҮ
ғғ, яғни Алтын Орда дәуіріндегі
әдебиет /Рабғузи. "Рабғузи қиссалары"; "Кодекс
Куманикус"; Хорезми.
"Мухаббат-наме"; Құтб. "Хұсрау-Шырын";
Сайф Сарай. "Гулистан
бит-турки"; Дүрбек. "Жүсіп-Зылиха";
Әбілғазы. "Шежіре-и түрік"; Кддырғали
Жалайыри. "Жамиғ-ат
тауарих"; Хайдар Дулати
"Тарих-и-Рашиди"; Бабыр. "Бабыр-наме"/.
Қазақ
хандығының
құрылып, қазақтың төл әдебиетінің
тууына ұласатынын мәлімдеу.
1.3 «Ежелгі дәуір және
орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті» курсын меңгеру үшін
студенттерге қажетті пәндер тізімі: халық ауыз
әдебиеті, тарих, философия, тіл мәдениеті, шешендік өнер т.б.
2.Оқу жоспарынан көшірме
|
Семестр |
Апта
саны |
сабақтың түрі
бойынша сағаттың бөлінуі |
Барлық
сағат |
Қорытынды
бақылау |
||||||
|
Дәріс |
Прак.
сабақ |
семинар |
Студ.
жеке жұмыс |
Курстық
жоба, жұмыс |
СӨЖ |
ОСӨЖ |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
2 |
15 |
15 |
15 |
|
|
|
30 |
15+15 |
90 |
емтихан |
|
Барлығы |
15 |
15 |
15 |
|
|
|
30 |
30 |
90 |
емтихан |
3.Пәннің мазмұны
|
Модульдің,
бөлімнің,
тақырыптың аттары. Олардың
негізгі мазмұны |
Сағат саны |
Проблемалық Жағдай № |
Әдебиеттер № |
Тақырыпты өткеннен кейін
студент нені меңгеруі
тиіс |
|||||
|
Лекция |
Прак. сабақ |
СӨЖ № |
ОСӨЖ № |
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
||
|
1-модуль Көне
түркі әдебиеті (VI-IX ғғ.)
және X-XII ғғ
әдебиет |
|||||||||
|
Кіріспе.
Көне түркі әдебиеті (VI-IX ғғ.) Алғашқы
қауымдық құрылыс дәуіріндегі қазіргі
Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін
мекен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер. Біздің жыл санауымызға дейінгі екінші
ғасырда "Ұлы жібек жолының" ашылуы. Сол кездегі
Қытай, Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопотамия, Вавилон, Мысыр
т.б. елдермен сауда, мәдени,
рухани байланыстар. Сақтардың тайпалық бірлестіктері,
аландар мен ғұндар.Есік
қаласы маңынан табылған сақ көсемінің -
"алтын адамның" киіміндегі
зергерлік өрнектердің сақтардың «Алтын обасынан»
/Оңтүстік Қазақстан/ шыққан
әшекей-сәндік бұйымдардың, Таңбалытас,
Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен
суреттердің, т.б. ғылыми мәні. Сақтардың салт-дәстүрі,
наным-сенімі, әдет-ғұрпы, діні, олардың ата-баба
әруағына, аспан денелеріне, Күнге, Айға,
Жұлдыздарға және Жер-Анаға табынуы. Зороастризм діні. "Авеста"
кітабы - ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың
жинағы. Ежелгі жазу-сызулар. Арамей, авеста, соғда, кушан, көне ұйғыр, руна жазулары. "Түрік" сөзінің мәні.
Түрік қанағаты немесе Түрік
қағандығы /552-745 жылдар/.
Түрік қағандығының екіге бөлініп кетуі.
Шығыс түрік қағандығы. Батыс түрік
қағанаты - көне
түрік қағандығының негізінде 603-жылы
құрылған феодалдық мемлекет. Батыс түрік қағанатынан кейін
өмірге келген мемлекеттік дәрежедсгі бірлестіктер: Түркеш
қағанаты /704-766 жж/. Қарлұқ
қағанаты/766-940 жж/. Оғыз мемлекеті /ІХ-ХІ
ғғ/. Қыпшақ қоғамының ертедегі
феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге
келгендігі. Түрік мұсылмандарының
алғашқы феодалдық мемлекеті - Қарахан мемлекеті /940-1212 жж/. "Ұлы жібек жолындағы" ежелгі
кент-қалалар: Отырар /Фараб/, Сүяб, Тараз, Құлан,
Мерке, Испаджап /Сайрам/, Баба-Ата, Сығанақ, Созақ, Талхиз /Талғар/. Ежелгі
түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар. Ежелгі түрік
әріптері. "Орхон" немесе "руна" деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі
діни ұғым-түсініктер. Табыну: Көк Тәңірі,
Жер Тәңірі, Ұмай-Ана. |
1 |
1 |
1 |
1 |
1,2 |
1,2 4, 22 |
"Ұлы жібек жолының" ашылуын, сол кездегі
Қытай, Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопотамия,
Вавилон, Мысыр т.б. елдермен сауда,
мәдени, рухани байланыстарды. Сақтардың
салт-дәстүрін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын,
дінін, олардың ата-баба әруағына, аспан денелеріне,
Күнге, Айға, Жұлдыздарға және Жер-Анаға
табынатынын.. |
||
|
Орхон жазуындағы жәдігерліктер Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті
әскери қолбасшысы Күлтегін батыр /684-731 жж/, оның ағасы елбасы Білге қаған /683-734
жж./ және қағанның
кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон/руна/ жазба ескерткіштерін табу, руна жазуын оқу, аударма жасау, ғылыми мәтін
дайындау ісіне мол үлес
қосқан орыс және Еуропа ғалымдары Н.К.Видзен, И.Т.Стараленберг,
Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов, В.В.Томсен, С.Е.Малов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, И.В.Стеблева, т.б. туралы мәлімет. Орхон жазуындағы жәдігерлікті
қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер
С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ. Айдаров, А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, Қ.Өмірәлиев,
т.б.еңбектері. Орхон жазба ескерткіштері және Түрік қағанатындағы
тарихи шындық. Тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы. "Күлтегін " жырының көркемдік
ерекшеліктері М.Әуезовтың
пікірі. Жырдағы кескілескен шайқастардың, соғыстағы
батырлар ерлігінің, әскери жорықтардың шежіресі. Күлтегін батыр туралы жырдың
авторы Иоллығ-тегіннің
сөз зергері ретіндегі шеберлігі. Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы.
Мұнда үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі
қайталануы. Жырдағы бірыңғай дауыссыз дыбыстардың
қайталанып қисуы -аллитерация. Ұйқас түрлері, соңғы
бунақтағы дыбыстар үндестігі. "Күлтегін", "Білге
қаған" және "Тоныкөк" жырларында жиі
қолданылатын теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер туралы. Тасқа жазылған дастаңдардың
композициялық құрылысы. Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі
түркі поэзиясының өзіндік әдеби дәстүрі. "Күлтегін" жыры мен қазақ эпосы.
Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық
жеті жасқа дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істерінің
эпостық сарынмен баяндалуы. Руна жазуындағы дастандардың
идеялық мазмұны. Түрік елін ішкі бірлік-ынтымаққа,
сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Күлтегін - тарихи тұлға, жеңілуді білмейтін батыр. "Күлтегін" жырының сюжеттік
құрылысы, баяндау тәсілі, ерлікті мадақтау, батыр тұлпарын бейнелеу,
көріктеу кұралдарын қолдану жағынан
қазақтың батырлық жырларына жақындығы. Тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге
келген "Алпамыс батыр", "Қамбар батыр",
"Қобыланды батыр" "Шора батыр" сияқты
қазақ эпостары мен "Күлтегін" жыры арасыңдағы
үндестік. Орхон
ескерткіштерінің
мәні. |
1 |
1 |
2,3 |
2 |
2, 3 |
5,6 20, 21 |
Орхон
жазба ескерткіштерін және Түрік
қағанатындағы тарихи шындықты, тарихи
шындық пен көркем шындықтың
арақатынасын. Күлтегін батыр туралы жырдың
авторы Иоллығ-тегіннің сөз
зергері ретіндегі шеберлігін, көне түрік жырының дыбыстық құрылысын,
ондағы үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі
қайталануын, жырдағы бірыңғай дауыссыз
дыбыстардың қайталанып қиысуын, ұйқас
түрлерін, соңғы бунақтағы дыбыстар
үндестігін. "Күлтегін" жыры мен қазақ эпосының
байланысын, Орхон
ескерткіштерінің мәнін. |
||
|
Қорқыт ата кітабы Қорқыт
ата туралы ақиқат пен аңыз.
Қорқыт ата ҮІІІ ғасырда
Сыр бойында өмір
сүрген тарихи түлға,
аңызға айналған күйші-сазгер,
мәшһүр жырау, кемеңгер
философ. Қорқыт ата адамзат
баласына өлмейтін өмір, мәңгілік тіршілік іздеуші аңыз
кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы»-
оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сыйқырлы
күйлері. Қазақтың қобызшы
күйшілерінің Қорқыт атаны өздеріне пір
тұтып келгені. Қорқыт атаның өсиеттері,
ғибрат сөздері, мақал-мәтелдері. "Қорқыт ата кітабы - бүкіл түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихын,
әдеп-ғұрыпын,
салт-санасын, көркемсөз өнерін танытатын
эпикалық, әрі тарихи мұра. "Қорқыт ата кітабының" қолжазба
нұсқалары туралы мәлімет. "Қорқыт ата кітабын" зерттеуші,
тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары/Этторе
Росси, Г.Ф.Диц, Теодор Нельдеке,
В.В.Бартольд, Х.Г.Короглы, т.б./. Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне
қазақ ғалымдарының қосқан үлесі,
"Қоркыт ата кітабының" тақырыбы, мазмұны,
композициясы, қаһармандары, көркемдік ерекшеліктері. Оғыз-кыпшақ дәуірінің
эпикалық туындысындағы тарихи шындық пен
аңызға айналған бейнелер. «Қорқыт ата кітабы» он екі жырдан яки он екі оғыз-намеден тұрады.
Олар: Дерсеханұлы
Бұқаш туралы жыр, Салар Қазанның үйін жау шапқаны жайындағы жыр, Қам-Бураұлы Бамсы-Бейрек жөніндегі жыр, Казан бектің баласы Оразбектін тұткынға түскені туралы жыр, Доқа-Қожаұлы ер Домруд
туралы жыр, Қаңлы-қожаұлы Қан-Тұралы жайындағы жыр,
Қазылық-қожаұлы Жүгенек туралы жыр. Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр,
Белгілұлы Әмрен
жөніндегі жыр. Үйсік-қожаұлы Секрек туралы жыр, Салар ҚАзанның тұтқынға түсуі
және оны ұлы
Ораздың босатуы туралы жыр, Сыртқы
оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы шығуы және Бамсы-Бейректің
өлімі туралы жыр. |
1 |
1 |
5 |
4,5 |
5, 6, |
4, 12, 18, 2729 |
Қорқыт
ата туралы ақиқат пен аңызды. «Қорқыт
ата кітабы»- оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші екенін. Қорқыт атаның өсиеттерін, ғибрат
сөздерін, мақал-мәтелдерін. "Қорқыт ата кітабы - бүкіл
түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихын, әдеп-ғұрпын, салт-санасын, көркемсөз
өнерін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра екенін «Қорқыт ата кітабы» он екі
жырдан яки он екі оғыз-намеден
тұратынын, Қорқыт
ата мұрасының зерттелуін,
қазақ тіліне аудару ісіне қазақ
ғалымдарының қосқан үлесін, "Қоркыт
ата кітабының" тақырыбы мен мазмұнын, композициясын
қаһармандары мен көркемдік ерекшеліктерін. |
||
|
Оғыз-наме
"Оғыз-наменің" түркі тектес
халыктардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем
баяндайтын эпостық шығарма екендігі. "Оғыз-қаған" эпосына негіз
болған аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер. Оғыз қаған және оғыз тайпа-ұлысы туралы мәліметтер. Оғыз қаған -
жазба шежіре мен аңыз шежіренің тарихи
кейіпкері. Оғыз-қаған жайлы
шежіре-аңыздарда айтылатын тайпалар. "Оғыз-наме" эпосының сюжеттік
желісіне тән ерекшеліктер. "Оғыз-наме" эпосының жанры, композициясы, сюжеттік желілері: Оғыздың дүниеге келуі, жітіт болуы, Оғыз
батырдың ерлік көрсету үшін
аттаңуы, Оғыз қағанның сұлу қызға үйленуі,
одан Ай, Күн, Жұлдыз деген балалар, ал екінші рет
үйленгенде Көк, Тау, Теңіз деген балаларының
өмірге келуі, Оғыздың түркі еліне каған болуы, жорықтары, Оғыз
қағанды Көкбөрі бастап жүруі, Урум
қағанмен соғысы, Оғыз қағанның
ақылгөйі Ұлы Түріктің түс көруі,
сәуегейлік сөз айтуы, Оғыз қағанның
кұрылтай шақырып, ел билігін, жұртын балаларына
үлестіріп беруі. "Оғыз-наме" эпосының
каһармандары: Оғыз қаған, оның балалары(Күн, Ай, Жұлдыз,
Көк, Тау, Теңіз), Ұлы Түрік, Алтын Қаған,
Урум қаған, Урус бек,
Сақлаб, Ұлы Орда бек Қағарлық ер, Темур
Қағұл, Жосун ер, Көк Бөрі, т.б. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары.
Ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған және араб әрпімен жазылған нұсқасы. "Оғыз-қаған" эпосын
қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан
тұңғыш зерттеуші Қ.Өміралиевтің
ғылыми еңбектері. "Оғыз-наме" эпосы және
қазақ әдебиеті. "Оғыз-қаған" эпосы
мен "Қобыланды батыр" жырындағы
ұқсас көріністер. Оғыз
батыр туралы эпостың тілі. Көркемдеу әдістері. |
1 |
1 |
4, 6 |
6, 7 |
7, 8, |
22, 25, 30, 35, 36, |
"Оғыз-қаған" эпосына негіз болған
аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерді. "Оғыз-наме" эпосының сюжеттік
желісіне тән ерекшеліктерді, "Оғыз-наме" эпосының жанрын,
композициясын, сюжеттік желілерін,
"Оғыз-наме" эпосы мен қазақ
әдебиетінің байланысын, "Оғыз-қаған" эпосы мен "Қобыланды батыр" жырындағы ұқсас
көріністерді |
||
|
Әбу-Насыр
әл-Фараби (870-950)
Әбу-Насыр әл-Фараби /толық аты-жөні: Мұхаммед ибн ұзлағ Тархани Әбу-Насыр әл-Фараби/ -
дүние жүзілік ғылым мен
мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы
атанған әмбебап ғалым,
әдебиет зерттеушісі, ақын. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері. Философиялық трактаттары:
"Данышпандықтың інжу маржаны",
"Ғылымдардың шығуы", "Философияны оқу үшін алдымен не білу керек" ,
"Аристотель еңбектеріне
түсіндірме", т.б. Әл-Фарабидің қоғамдық,
әлеуметтік және этикалық мәселелер жөніндегі зерттеулері:
"Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары", "Мемлекет қайраткерлерінің
нақыл сөздері", "Бақытқа жету
жайында", т.б. Әл-Фарабидің
музыкалық мұрасы. "Музыканың ұлы кітабы" атты трактаты.
Бұл зерттеудің төрт бөлімнен тұратьны: "Музыка
өнеріне кіріспе", "Музыка
өнерінің тарихилық негіздері",
"Музыкалық аспаптар", "Музыка
композициясы". Әл-Фараби - әдебиет
теориясын зерттеуші: "Өлең ырғағы туралы",
"Ырғақ пен өлең
туралы сөз" , "Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат", "Өлен өнерінің қағидалары туралы
трактат", т.б. Әбу-Насыр әл-Фараби - ақын.
Ақынның поэзиялық мұрасы. Әл-Фараби туралы орта ғасыр
ғалымдарының /Әбу Әли Ибн-Сина, әл-Байхаки,
әл-Кифтий, т.б./ ой-пікірлері. Әл-Фараби мұрасын
зерттеуші қазақ ғалымдарының /А.Машанов,
А.Қасымжанов, А.Көбесов, т.б,/
еңбектері. |
1 |
1 |
8 |
8 |
9,10,11 |
17, 18, 26,
|
Әбу
Насыр әл - Фараби - дүние жүзілік ғылым
мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы
атанғанын, әмбебап ғалым,
әдебиет зерттеушісі, ақын екенін, Әл-Фараби мұрасын зерттеуші
қазақ ғалымдарының /А.Машанов, А.Қасымжанов, А.Көбесов, т.б,/
еңбектерін. |
||
|
Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет. Қарахан әулеті
билік жүргізген тұстағы /Х-ХП-ғасырлар/
қоғамдық әлеуметтік жағдай. Қарахан
мемлекетіндегі
ру-тайпалар, Ұлыстар. Түрік
халықтарының: қазақ, өзбек, ұйғыр,
қырғыз, т.б. халықтардың этникалық
құрылымының қалыптаса бастауы. Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия, Жетісу және Қашқария жерінде түрік тайпалары
үстемдігінің күшейе түскендігі.
Қыпшақ, оғыз, қарлүғ және
ұйғыр тайпалары мен ұлыстарының
тілдері негізінде араб графикасындағы түрік жазуының
қалыптасуы. Қарахан мемлекетіңде
Х-ХІІ ғасырларда көптеген
әдеби ескерткіштердің аралас
қарлүғ-ұйғыр және
қьшшақ-оғыз тілдеріне жазылуы. Қазіргі Қазақстан жерінде XI ғасырда Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің
өмірге келуі. Х-ХІІ ғғ. зергерлік, сәулетшілік, т.б.
өнерінің дамуы. Қыпшақ даласындағы жаңа
қалалар: Қарнақ, Карашоқы,
Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынлыкент, т.б. Карахан мемлекетіндегі сәулетшілік
өнер үлгілері: Айша бибі, Бабаша Хатун мавзолейі,
Аяққамыр және Алаша хан күмбездері. Ғылым саласындағы жетістіктер: Әбу
Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн-Сина, Әбу Райхан
әл-Беруни, т.б. Орта ғасырлардағы ең танымал
әдеби туындылар: "Құгадғу біліг",
"Хибат ул-Хақайық" және "Диуани лугат ат-түрк"
сөздігінің Қарахан мемлекетіндегі тайпалар мен
ұлыстардың бәріне түсінікті ортақ тіл болып
табылатын түркі тілінде жазылуы. Махмұд Қашғари "Диуани лұғат ат-түрк"(Түркі сөздерінің
жинағы) Махмұд Қашғари /XI ғасыр/ - ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, саяхатшы. "Диуани лұғат ат-түрік" - түрікше-арабша түсіндірме сөздік. Қазіргі
түркі тілді халықтардың бәріне ортақ
мұра. "Диуани лұғат
ат-түрк" - тек сөздік
қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы
түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми,
мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихи мен
әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б.
қатысты бағалы деректері мол жинақ. "Түркі сөздерінің
жинағының" зерттелуі, тәржімалануы, басылымдары.
"Сөздікті" зерттеуші түркі, Еуропа, орыс
ғалымдары: Ахмет Рифат, Басым Аталай, Броккельман, Т.АБоровков, А.Н.Кононов,
В.А.Гордлевский, т.б. М.Қашғари «Сөздігінің»
қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуі:
Н.Т.Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.Н.Ысқақов,
Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрыпжанов, Қ.Бекетаев,
Ә.Ибатов, т.б. "Диуани лұғат
ат-түрктің" әдеби мәні. "Сөздікте"
мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері:
бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, макал-мәтелдер, қанатты сөздер,
ғибрат сөздер, сажьдар /ақ өлең/, насыр
/проза/, т.б. М.Қашғари "Сөздігіндегі"
адамдардың қадым замандардағы тұрмыс-тіршілігін,
Көк Тәңірісі мен Күнге табыну дәуірін
бейнелейтін көркемсөз үлгілері. "Диуани лұғат
ат-түрктегі" табиғат туралы өлең-жырлар. Жылдың төрт мезгілі - көктем, жаз, күз және қыс –
көріністеріне арналған
өлеңдер. Табиғат
құбылыстары - найзағай, қар, жаңбыр,
жел, т.б. туралы алғашқы
қауым адамдарының көзқарасын білдіретін жыр
шумақтары. Қыс пен жаздың
айтысы. "Түркі сөздерінің
жинағындағы" аңшылық жайындағы
өлендер. Алғашқы қауым адамдарының тіршілік
көзі аңшылық болғанын бейнелейтін көркемсөз
үлгілері. "Сөздіктегі" еңбек, егін салу, мал бағу тақырыбына арналған
өлең-жырлар. "Диуани лұғат ат-түрктегі"
батырларды көтере мадақтайтын өлең жолдары. Алып Ер
Тұңғаны /Афрасияф/ мадақтау. "Сөздіктегі" тұрмыс-салт жырлары.
Қадым заманда өмір сүрген адамдардың
тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын,
кәсібін, тотемдік түсініктерін танытатьш өлең-жырлар. М.Қашғари жинаған бәдік,
бақсы өлендері, бата-тілек, бесік жыры, той бастар,
жар-жар, жоқтау, естірту, т.б. жыр үлгілері. "Диуани лұгат
ат-түрктегі" мақал-мәтелдер, ғибрат
сөздер, афоризмдер. Қазіргі қазақ тілінде
қаз-қалпында қолданылатын мақал-мәтелдер,
қанатты сөздер. |
1 |
1 |
7, 13, 14, |
8, 12, |
12, 13, 14, |
38, 39, 40 |
Қарахан
әулеті билік жүргізген
тұстағы /Х-ХП-ғасырлар/ қоғамдық
әлеуметтік жағдайды, орта
ғасырлардағы ең танымал әдеби туындылар:
"Құгадғу біліг", "Хибат
ул-Хақайық" және "Диуани лұғат ат-түрк" сөздігінің
Қарахан мемлекетіндегі тайпалар мен ұлыстардың бәріне
түсінікті ортақ тіл болып табылатын түркі тілінде
жазылғанын, Махмұд Қашғари /XI ғасыр/-ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым,
саяхатшы болғанын,"Диуани лұғат
ат-түрк" - тек сөздік
қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы
түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми,
мәдени, әдеби, саяси өмірін, көне тарихы мен
әдет-ғұрпын, салт-санасы мен наным-сенімін, т.б.
бағалы деректерді мол жинаған
әдеби еңбек екенін. Қарахан мемлекетіңде
Х-ХІІ ғасырларда көптеген
әдеби ескерткіштердің аралас
қарлүғ-ұйғыр және
қьшшақ-оғыз тілдеріне жазылғанын, "Диуани
лұғат ат-түрктің"
әдеби мәнін, батырларды көтере мадақтайтын
өлең жолдарын |
||
|
Жүсіп
Баласағұн
"Құтадғу
біліг " («Құтты білік») Жүсіп Хас
Хажиб Баласағұн - XI ғасырдың
аса көрнекті ақыны,
данышпан-ойшылы, ғалымы, белгілі қоғам кайраткері. "Құтты
білік" дастанының бізге үш нұсқасының -Вена/яки Герат/, Каир және Наманған нұсқаларының жеткендігі. "Құтты білік" дастаны зерттеуші
ғалымдар, аудармашылар, бастырып шығарушылар: Ж. Амадес, Г.Вамбери, В.В.Радлов,
Е.Э.Бертельс, А.Валитова, С.Е.Малов, С.Муталлибов, К.Каримов,
С.Иванов, А.Егеубаев, Б.Сағындықов,т.б. "Құтты білік" дастанының
негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі
екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп
жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат,
қанағат. "Құтты білік" - дидактикалық дастан. Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт каһарманы:
Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы
Ұғдүлміш, дәруіш Одгурміш. "Құтты білік" дастанының
негізгі сюжеттік желісінің шығарманың негізгі төрт
каһарманының өзара әңгімесінен,
сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан
тұратындығы. "Құтты білік" дастанындағы
ел баскарған әкімдер бейнесі. Ел басқарған
әкімдер мен қалың бұқара арасындағы
қарым-қатынас мәселесі. Патшалар, уәзірлер, қолбасшылар, елшілер,
ғалымдар, саудагерлер, дихандар, малшылар, қолөнер шеберлері, аспаздар, түс жорушылар,
тәуіптер, т.б. қоғамдағы рөлі жөніндегі
дастан авторының ой-пікірлері. "Құтты білік" дастанында ел
басқаратын әкімдерге қойылатын талаптар: әділдік,
ақыл-парасат, өнер-білімге жетік болу, ниеті түзу, сөзі шырын, пейілі кең, кек сақтамайтын
болу. Дастандағы ақыл-парасат, өнер-білім,
әдептілік, тәлім-төрбие, мінез-құлық,
кішіпейілділік, жомарттық, мейірімділік, тіл мәдениеті,
әке-шешені құрметтеу, т.б. мәселелер. Дастанның көркемдік ерекшеліктері,
түркі тілінде аруздың ықшамдалған "мутакариб"
деп аталатын өлшем түрімен
жазылғандығы. "Құгты білік" дастанының
тәрбиелік мәні. |
1 |
1 |
12 |
11 |
14, 15, |
22, 46, 48, |
Жүсіп
Хас Хажиб Баласағұнның - XI ғасырдың
аса көрнекті ақыны,
данышпан-ойшылы, ғалымы, белгілі қоғам кайраткері екенін,
"Құтты білік" дастанының бізге үш
нұсқасының -Вена/яки Герат/, Каир және Наманған нұсқаларының жеткендігін, "Құтты
білік" дастанының негізгі сюжеттік желісінің
шығарманың негізгі төрт каһарманының
өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан,
бір-біріне жазған хаттарынан тұратындығын, "Құтты
білік" дастанында ел басқаратын әкімдерге қойылатын
талаптарды: әділдік, ақыл-парасат, өнер-білімге жетік болу, ниеті түзу, сөзі шырын, пейілі
кең, кек сақтамайтын болу керектігін, дастанның тәрбиелік мәнін. |
||
|
І
модуль қорытындысы |
|||||||||
|
ІІ
модуль. Алтын Орда дәуірінлегі әдебиет (ХІІІ-ХV ғғ) |
|||||||||
|
Ахмед Иүгінеки.
«Хибатул-Хақайык,» («Ақиқат сыйы «) Ахмед Иүгінеки –
XII ғасырда есімі бүкіл
Қарахан мемлекеті түркілеріне . мәшһүр болған атақты ақын. «Ақиқат сыйы» дастанын зерттеушілер, аударма
жасаушылар: Рашид Арат, Е.Э.Бертельс, В.В.Радлов? С.Е.Малов,
Қ.Махмұдов, Э.Нәжіп, Б.Сағындықов,
Ә.Құрышжанов, т.б. «Ақиқат сыйы» – дидактикалық
сарында жазылған шығарма.
Композициялық құрылысы. Идеялық мазмұны. «Ақиқат сыйы» – қоғамдағы
моральдық ұғымдар мен мінез-құлық
нормаларын жыр еткен жинақ. «Ақиқат сыйы» оқу-білім,
мінез-құлық, әдептілік, тілді тыйып ұстау,
жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы. «Ақикат сыйы» дастанының негізгі
тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның
қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны
туралы», «Тілді тию әдептілік пен тәртіптіліктің
шарты екендігі туралы, «Жақсының
игі қылығы мен дүниеқоңыздың жарамсыз
қылығы туралы», т.б. «Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшеліктері. Ақынның бір-біріне
қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап
суреттеу әдісі. Дастанның он бір буынды аруз жүйесімен жазылуы. |
1 |
1 |
15 |
10 |
16, |
38, 39,41, |
Ахмед Иүгінеки – XII ғасырда
есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне
мәшһүр атақты ақын болғанын, «Ақиқат сыйы» –
қоғамдағы моральдық
ұғымдар мен мінез-құлық нормаларын жыр еткенін,
ондағы оқу-білім, мінез-құлық, әдептілік,
тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік туралы ізгі
қасиеттерді, «Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшеліктерін, ақынның бір-біріне қайшы
екі құбылысты қатар қойып суреттеу әдісін,
дастанның он бір буынды аруз
жүйесімен жазылғанын. |
||
|
Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмет « («Даналық кітабы «) Қожа Ахмет
Иассауи – сопылық әдебиеттің
ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер. «Диуани хикмет» – түркі
халықтарының XII ғасырдан сақталған әдеби
ескерткіші. «Даналық кітабын» зерттеуші М.Ф.Кепрюлю-заде, А.К.Боровков,
А.Н.Самойлович, Е.Э.Бертельс, Э.Р.Рустамов, Н.М.Маллаев, Г.Ф.Благова,
т.б. «Диуани хикматтың» қазақ
тіліне тәржімалануы: М.Жармұхамедұлы,
С.Дәуітұлы, М.Шафиғи, Б.Сағыңдықов, т.б. «Диуани хикмет» – исламның
дін-шариғат жолдарын дидактикалық
мазмұнда поэзия тілімен
бейнелеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» адамзатты
туыстыкқа, бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылықкқа
шақырып, мұсылман дінінің қағида, шарттарын.
Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикметтағы» сопылық ағымның философиялық
ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу,
адамның рухани өмірінің таза
болуы т.б. Сүлеймен
Бақырғани. «Бақырғани кітабы» Сүлеймен
Бақырғани – сопылық сарындағы хикмат
жырларымен есімі мәшһүр ақын. Қожа Ахмет
Иассауидың философиялық ой-пікірлерін ислам қағидалары бойынша жалғастырушы
шәкірті. «Бақырғани кітабының» негізгі идеясы – сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке,
адалдықка, бауырмалдыққа үндеу. Гуманистік ой-пікірді
ислам діні қағидалары
тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының»
қазақша аударылуы (Б.Сағындықов). |
2 |
1 |
9, 10 |
9 |
17 |
49, 51, 52, 53 |
Қожа Ахмет Иассауидің сопылық әдебиеттің ірі
өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл, қайраткер болғанын,
«Диуани хикмет» – исламның
дін-шариғат жолдарын дидактикалық
мазмұнда поэзия тілімен
бейнелеген жыр жинағы екенін, онда адамзатты туыстыққа,
бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылықкқа шақырып,
мұсылман дінінің қағида, шарттарын, Алланы
танудың жолдарын баяндайтынын.. |
||
|
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХҮ ғасырлар) Дешті
Қыпшақтағы /ХПІ-ХУ
ғғ./ тарихи-әлеуметтік жағдай. Монғол шапқыншылығының зардаптары. Отырар
ойраны/1220 ж./. Сығанақ, Жент, Үзкент, Баршынлыкент, т.б. білім мен мәдениет
орталықтарының жер бетінен жойылып кетуі. Қыпшақ елінде мәдениет пен экономиканың құлдырауы. Басқыншыларға
қарсы жергілікті халықтың күресі. Дешті. Қьшшақ, Орта Азия және Еуропа жерлерін XIII ғасырдың
орта кезінде монғолдардың
жаулап алуы. Алтын Орда /Жошы ұлысы/ мемлекетінің
құрылуы. Алтын Орда мемлекетіне қарасты
халықтың басым көпшілігі түркі текті ру-тайпалар, әсіресе
қыпшақтар, оғыздар болғандығы. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет
түркі тайпалары мен халықтарының
бәріне бірдей түсінікті әдеби тіл - шағатай тілінде
жасалғандығы.Шағатай тілінің солтүстік
диалектісі, яғни қыпшақ-оғыз диалектісінің
негізгі тіл болғандығы. Алтын Орда дәуірі
әдебиетінің көрнекті өкілдері: Рабғұзи,
Әли, Сараи, Хорезми, Сайдахмед,
Қатиб, Құтб, Дүрбек Сақақи, т.б. Алтын Орда мемлекетінің Батыс
Еуропа, Мысыр, Кіші Азия, Үндістан, Қытай елдерімен мәдени,
экономикалық байланыста болғандығы. Бұл елдер
әдебиеті мен мәдениетінің ықпал-әсері. Алтын Орда дәуірі
әдебиетінің бізге жеткен үлгілері: Насреддин
Рабғузидің "Қисса-сул әнбиясы",
Хорезмидің "Мұхаббат-намесе", Құтбтың
"Хұсрау-Шырыны", Дүрбектің
"Жүсіп-Зылихасы", Сайф Сараидың "Түркі
тіліндегі Гүлстаны", тарихи тақырыпқа жазылған
көркем шежірелер, т.б. Насреддин Рабғузи. "Рабғузи қиссалары "Насреддин
Рабғузи -
Алтын Орда дәуірі
әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. "Рабғузи
қиссалары"(1310 ж.) - табиғат,
дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы,
халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай мен
Жұлдыз, шайтан мен періште, т.б.
туралы шығыстық сюжеттегі
қисса-аңыз дар, өлең- жырлар жинағы. "Рабғұзи
қиссаларындағы" қоғамдық өмір,
тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық,
адамгершілік пен жауыздық,
достық пен қастық,
т.б. жайындағы қисса-хикаялар,
аңыз-әңгімелер."Рабғұзи
қиссаларына" енген "Нух
алайки с-самал хикаялары", "Лұхпан Хаким хикаялары",
"Сулеймен алайки с-салам
хикаялары", "Харут пен Марут хикаясы", т.б. "Рабғұзи қиссаларының"
зерттелуі, казақ тіліне аударылуы: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева,
Н.Сағындықов, т.б. "Кодекс Куманикус" "Кодекс Куманикус" - кумандардың кітабы, қыпшақ
тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ.."Кодекс Куманикустың /1303 ж./ екі бөлімнен
тұратындығы. Бірінші бөлім - латынша, парсыша, куманша сөздік.
"Кодекс Куманикустегі"
жұмбақтар, христиан аңыздарынан
алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер.
Христостың өмірі, Мария Ананың
әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар. |
1 |
1 |
16, 17, |
13, 14, |
19, 20, |
38, 39, 54, 60, |
Дешті Қыпшақтағы /ХПІ-ХУ ғғ./
тарихи-әлеуметтік жағдайды,
Монғол
шапқыншылығы-ның
зардаптарын, Отырар ойранын/1220
ж./, Сығанақ, Жент, Үзкент, Баршынлыкент, т.б.
білім мен мәдениет орталықтарының жер бетінен жойылып
кеткенін, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет түркі
тайпалары мен халықтарының
бәріне бірдей түсінікті әдеби тіл - шағатай тілінде жасалғандығын. Алтын Орда дәуірі
әдебиетінің көрнекті өкілдерін: Рабғұзи,
Әли, Сараи, Хорезми, Сайдахмед,
Қатиб, Құтб, Дүрбек Сақақи, т.б. "Рабғузи
қиссалары"(1310 ж.) - табиғат,
дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы,
халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай мен
Жұлдыз, шайтан мен періште, т.б.
туралы шығыстық сюжеттегі
қисса-аңыздар, өлең- жырлар жинағы екенін. |
||
|
Хорезми. иМұхаббат-наме" "Мұхаббат-наме"
дастаны(1353 ж.)
- Алтын Орда дәуірі
әдебиетінің ең көрнекті үлгісі
"Мұхаббат-наменің" қолжазба
нұсқалары. Көне ұйғыр жазуындағы
және араб жазуындағы екі
нұсқасының табылуы. "Мұхаббат-намені" зерттеуші, аударушы,
бастырып шығарушы ғалымдар: Э.Н.Нәжіп, А.М.Щербак, С.Қасымов, В.Валиходжаев,
Н.Маллаев, А.Қыраубаева тур алы. Дастанның негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан /наме/ тұратыны, қыздың жігітке жауап хаты
берілмейтіні, жігіттің хаты арқылы-ақ қыздың
махаббаты айқын бейнеленгені."Мұхаббат-наменің"
лирикалық қаһарманының
кейде ертедегі аңыздарда айтылатын дәстүрлі кейіпкерлерге ұқсап
кететіні. Дастанда өмір шындығының басымдығы. "Мұхаббат-наме" - адам
бойындағы ең ізгі қасиеттер болып саналатын махаббатты,
ізгілікті, бауырмалдықты, жомарттықты,
кішіпейілділікті т.б, ту етіп
көтерген дастан. Дастанның көріктеу құралдары,
өлең құрылысы, тілі. "Мұхаббат-наменің" Алтын Орда түркілерінің бәріне бірдей
түсінікті болған шағатай тілінде жазылғаны, дастанда қыпшақ
тілі элементтерінің басым екендігі. Құтб. "Хұсрау-Шырын" дастаны
Құтбтың «Хұсрау-Шырын» дастаны - әзірбайжанның ұлы ақыны Низамидің осы
аттас поэмасының еркін аудармасы. Құтбтың Низами
поэмасын парсы тілінен қыпшық-оғыз тіліне еркін аударғандығы. Құтб аудармасының көркемдік
ерекшеліктері. Низами поэмасында қала
өмірінің патша сарайындағы сән-салтанаттың, ал
Құтбтың дастанында мал бағумен тіршілік еткен көк майсалы дала көріністерінің көбірек
бейнелетіні.
«Хұсрау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы.
Дастанның қаһармандары: Шырын патша, Хұсрау патша,
құрылысшы Фархад, Хұсраудың досы Шамур, Мариям,
Шеруя т.б.
"Хұсрау-Шырын" дастанының
қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындастығы,
үндестігі, ал баяндау тәсілдері мен композициялық
құрылысы жағынан ұқсас болып келетіні. |
1 |
1 |
|
14, |
21, 22, |
50, 59, 60, 75, 82, 84, 86, |
Дастанның
негізінен жігіттің қызға
жазған он бір хатынан /наме/ тұратынын,
қыздың жігітке жауап хаты берілмейтінін, жігіттің хаты
арқылы-ақ қыздың махаббаты айқын бейнеленгенін. "Мұхаббат-наме"
- адам бойындағы ең ізгі қасиеттер
болып саналатын махаббатты, ізгілікті, бауырмалдықты, жомарттықты,
кішіпейілділікті т.б,
ту етіп көтерген дастан екенін. Құтбтың
«Хұсрау-Шырын» дастаны - әзірбайжанның
ұлы ақыны Низамидің осы аттас поэмасының еркін
аудармасы екенін, оның Низами поэмасын парсы тілінен
қыпшық-оғыз тіліне еркін
аударғандығын, "Хұсрау-Шырын" дастанының
қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындастығын,
үндестігін, ал баяндау тәсілдері мен композициялық
құрылысы жағынан ұқсас болып келетінін. |
||
|
Сайф Сараи
"Гулистан
бит-түрки"("Түркі тіліндегі Гүлстан") Сайф Сараи - Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ
ғасырдағы аса көрнекті
өкілі. С.Сараи - лирик және эпик ақын, аудармашы. "Гулистан бит-түркидің"(1391
ж.) - прозамен жазылған
қыпшақ тіліндегі көркем шығарма екендігі. "Түркі тіліндегі Гүлстанның"
парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди
Ширазидің "Гүлстан" атты шығармасыньщ еркін аудармасы екендігі. "Түркі тіліндегі Гулистанның" Сайф
Сараидың төл туындысы саналатыны, назирагөйлік
дәстүрдің әсерінің болғандығы,
еркін аудару барысында бірқатар эпизодтардың түсіп
қалғаны, оның есесіне қыпшактар өміріне
қатысты тың көріністердің, аудармашының
өз жырларының қосылғаны. "Түркі тіліндегі Гүлстан" қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жарялануы. Э.Н.Нәжіп - "Гулистан бит-турки" қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы
түрколог-ғалым. "Түркі тіліндегі Гүлстанның"
композициялық құрылысы. Қисса-хикаят түрінде баяндалатын сегіз тараудан
тұратыны, біріншісі - ел билеуші әкімдер туралы,
екіншісі - халық
бұқарасы жайында, үшіншісі - канағат жөнінде,
төртіншісі - тілге сақ болу
туралы, бесіншісі - жігіттік шақ хақында, алтыншысы -
кәрілік туралы, жетіншісі - тәлім-тәрбие жайында, сегізіншісі -
әңгімелесудегі әдептілік
туралы. Көркемдік ерекшеліктері, бейнелеу
құралдары, тілі. Дүрбек , "Жүсіп-Зылиха " дастаны Дүрбек
- ХІҮ ғасырдың соңы мен
ХҮ ғасырдың басында өмір сүрген ақын. Жүсіп пен Зылиха арасындағы
махаббат сезімін арқау еткен қисса-хикаяттардың
кезінде Шығыс әдебиетінде кең тарағаны. Дүрбектің Жүсіп пен Зылиха туралы тартымды сюжеттерді бетке ұстай отырып,
өзінің төл туындысын жазғаны. "Жүсіп-Зылиха" дастанының идеясы - ел билеушілер арасында
тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар
арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету. Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха" сюжетіне тұңғыш рет түркі
/шағатай/ тілінде көркем туынды жазған ақын екендігі. "Жүсіп-Зылиха" дастанының басты
қаһармандары: Жүсіп, оның он бір
бауыры, Зылиха, Жүсіптің
әкесі Жақып, Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр патшасы Райян, т.б. «Жүсіп-Зылиха» дастанының зерттелуі
/Е.Э.Бертельс, СХайдароз. В.Валихожаев,
т.б./. Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха" дастаны негізінде назирагөйлік дәстүрі
бойынша қазақтың бірқатар "кітаби
ақындарының" қисса-хикаяттар жазғаны. |
1 |
1 |
18, |
15, |
23, 24, 25 |
64,65, 76 |
"Түркі тіліндегі
Гүлстанның" парсы-тәжік әдебиетінің
классигі әйгілі Сағди Ширазидің "Гүлстан"
атты шығармасының еркін аудармасы екендігін, көркемдік
ерекшеліктері мен бейнелеу құралдарын, тілін Жүсіп пен Зылиха арасындағы
махаббат сезімін арқау еткен қисса-хикаяттардың
кезінде Шығыс әдебиетінде кең тарағанын, Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха"
сюжетіне тұңғыш рет
түркі /шағатай/ тілінде көркем туынды жазған
ақын екенін |
||
|
Әбілғазы
"Шежіре-и
түрк"('Түркі шежіресі")"Түркі
шежіресі" - бертін келе қазақ
халқын құраған рулар мен тайпалардың көне
тарихы, тұрмыс-тіршілігі, түркі
елін баскарған қайраткерлердің өмірі мен
қоғамдық қызметі туралы құнды деректері мол
шежіре. "Түркі шежіресінің"
Шыңғысханнан бұрынғы және одан кейінгі
дәуірлерде Дешті Қыпшақ, Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған түрлі оқиғалар
мен әртүрлі мемлекет қайраткерлері жүргізген
саясаттың жылнамасы екендігі. "Түркі шежіресінің" тоғыз баптан /тараудан/
тұратыны: біріншісі - "Құдай тағаланың Адам
ғалаиссаламды жаратқанының баяны", екіншісі - "Монғол хан және оның Шыңғыс
ханға дейінгі ұрпақтары жайында", үшіншісі -
"Шыңғыс ханның дүниеге келгенінің
тарихы", төртіншісі - "Үгедей қағанның және басқа
да Шыңғыс хан нәсілінен патша болғандарының баяны",
бесіншісі - "ІПыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай әулетінің Мауреннахр
мен Қашқарда болғанының
баяны"; алтыншысы - "Шыңғысханның кіші ұлы Толы хан нәсілінен Иран жұртында патша болғандардың
тарихы", жетіншісі -
"Жошы хан әулетінен Дешті
Қьшшақта патшалық қылғандардың тарихы", сегізіншісі - "Жошы
ханның бесінші ұлы Шибан
ханның әулетінен Туранда, Қазақта,
Қырымда және Мауреннахрда патшалық
қылғандардың тарихы", тоғызыншысы - "Жошы хан әулетінен Хорезмде патша
болғандардың баяны". "Түркі шежіресінің" алғаш
табылуы/ХҮІІІ ғ./, басқа тілдерге тәржіма жасалуы,
түркология ғылымы тұрғысынан
зерттелуі. Қадырғали Жалайыри "Жами-ат тауарих"("Шежірелер жинағы") "Шежірелер жинағында"(1602 ж.) ХІҮ-ХҮІ
ғасырлардағы қазақ елінің ішкі және сыртқы
жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы,
бірқатар қазақ хандарының генеологиясы,
қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік
оқиғалардың баяндалатыны. «Шежірелер жинағы» тарихты баяндайтын
шығарма екені, соның өзінде ұйқасты-ырғақты ақ өлеңге,
толғауларға ұқсайтыны, онда
қазақтың шешендік сөздеріне тән эвфония /аллитерация мен
ассонанс тәсілдері/ мен параллелизмнің мол екені. "Шежірелер жинағындағы"
тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздер,
макал-мәтелдер, т.б. "Шежірелер жинағының"
алғашқы басылымдарының зерттелуі /И.Березин,
Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, ҚЖүнісбеков,
Т.Р.Қордабаев„ Р. Сыздықова, З.А.Хисамиева, т.б./ |
1 |
1 |
|
|
26, |
68, 69, 64, 65, |
"Түркі шежіресінің" Шыңғысханнан бұрынғы
және одан кейінгі дәуірлерде Дешті Қыпшақ, Орта
Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған
түрлі оқиғалар мен әртүрлі мемлекет
қайраткерлері жүргізген саясаттың жылнамасы екендігін; "Түркі
шежіресінің" алғаш табылуын /ХҮІІІ ғ./,
басқа тілдерге тәржіма жасалуын, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуін. "Шежірелер жинағында"
ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ
елінің ішкі және сыртқы
жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы,
бірқатар қазақ хандарының генеологиясы,
қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік
оқиғалардың баяндалатынын. |
||
|
Хайдар Дулати
"Тарихи-и
Рашиди " ("Рашидтің
тарихы ") Мұхаммед Хайдар
Дулати( 1499-1551) - өз
дәуірінің ғұлама-ғалымы, тарихшысы, сөз
зергері, ақыны, қоғам қайраткері. "Тарих-и Рашиди" шежіресінде негізінен ХІҮ-ХҮІ ғасырлар
аралығында Монголстан мен Қашқарияда болған тарихи
оқиғалар баяндалатыны. Шежіренің екі дәптерден тұратыны,
біріншісінде Монғолстанда билік жүргізген хандар
шежіресінің, ондағы халық тарихының баяндалатыны. Екінші дәптерде қазақ елінің
өз көршілерімен қарым-қатынасының
жан-жақты сөз болатыны. "Тарих-и Рашиди" ХҮ-ХҮІ ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан
және Үндістанда орын алған маңызды тарихи
оқиғалардың, көркем тілмен баяндалатыны. "Тарих-и
Рашидидің"
зерттеуші, аудармашылары. Захириддин Мұхаммед Бабыр( 1483-1530) - көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды
лирик ақын, белгілі жазушы,
атақты тарихшы-ғалым. "Бабыр-наме"
- Бабырдың есімін аса дарынды көркемсөз зергері, тарихшы-ғалым, географ,
этнограф ретінде әлемге мәшһүр
еткен шығармасы. "Бабыр-наме" - үш
бөлімнен тұратын прозалық шығарма. Бірінші бөлімінде ХҮ-ХҮІ
ғасырлардағы Орта Азиядағы халықтардың
тұрмыс-тіршілігі,
қоғамдық-әлеуметтік, саяси оқиғалар, осы өлкенің табиғаты сөз болады. Екіншісінде қазіргі Ауғанстан жерінде("Кабул уәлаяты") орын алған маңызды тарихи
оқиғалар, үшіншісінде
үнді елінің бай табиғаты,
халқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, ғылымы, мәдениеті, әдебиеті,
тілі, тарихы, ондағы саяси оқиғалар баяндалатыны. "Бабыр-намені" зерттеу, өз тілдеріне
тәржіма жасау, бастырып шығару ісіне көп елдердің
ғалымдарының атсалысқаны: үндістандық
М.Н.Хайдар, С.А.Шаркси, Р.П.Трипатки,
ауғанстандық А.Х.Хабиби, А.А.Кохзад, түркиялық Р.Р-Арат, И.Н.Банор,
пакистандық Р.А.Надви, А.Мавлийат. "Бабыр-намені" орыс тіліне аударғандар
(Н.И.Пантусов, С.И.Поляков, В.В.Вяткик, М.А.Салье)
туралы. "Бабыр-намені" түрлі ғылым
салалары бойынша зерттеушілер: тарихшылар В.В.Бартольд, А.Ю.Якубовский, С.А.Азимжанова,
әдебиетшілер Е.Э.Бертельс,
Х.С.Сүлейменов, И.В.Стеблева, лингвистер А. Н.Кононов, А.К.Боровков, Х.Назарова. "Бабыр-наменің" идеялық
мазмұны, тарихы, әдеби мәні, тілі. |
1 |
1 1 |
|
|
27, 28 |
18, 22, 61, 62, 70, 82, |
Мұхаммед Хайдар Дулати
- өз дәуірінің
ғұлама-ғалымы, тарихшысы, сөз зергері, ақыны,
қоғам қайраткері болғанын; "Тарих-и
Рашиди" ХҮ-ХҮІ ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан
және Үндістанда орын алған маңызды тарихи
оқиғаларды көркем тілмен баяндайтынын. Көрнекті
мемлекет
қайраткері, даңқты
қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі жазушы, атақты тарихшы-ғалым болғанын; "Бабыр-наме"
- Бабырдың есімін аса дарынды көркемсөз зергері, тарихшы-ғалым, географ,
этнограф ретінде әлемге
мәшһүр еткен шығармасы екенін; |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
ІІ модуль қорытындысы |
|||||||||
3.1. Проблемалық
жағдайлар
І модуль
1. "Ұлы жібек жолының" ашылуы,
Түрік қағандығының екіге бөлінуі.
2.
Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни
ұғым-түсініктер.
3.
Орхон жазба ескерткіштері және Түрік
қағанатындағы тарихи шындық.
4.
Ежелгі түркі поэзиясының өзіндік әдеби
дәстүрі.
5. Қорқыт ата - адамзат баласына
өлмейтін өмір, мәңгілік тіршілік іздеуші аңыз кейіпкері.
6. Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне
қазақ ғалымдарының қосқан үлесі
7.
"Оғыз-қаған" эпосына негіз болған
аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер.
8. "Оғыз-наме" эпосының сюжеттік
желісіне тән ерекшеліктер.
9.
Әл-Фарабидің қоғамдық, әлеуметтік
және этикалық мәселелер жөніндегі зерттеулері.
10.
Әл-Фарабидің музыкалық мұрасы.
11.
Әл-Фараби - әдебиет теориясын зерттеуші.
12.
Қарахан мемлекетіңде Х-ХІІ ғасырларда көптеген әдеби ескерткіштердің
аралас қарлұғ-ұйғыр және
қьшшақ-оғыз тілдеріне жазылуы.
13. "Диуани лұғат ат-түрктің"
әдеби мәні, және ондағы батырларды мадақтау
тәсілдері
14. "Құтты білік" дастанының
негізгі идеясы - мемлекетті дұрыс басқару мәселесі.
15.
"Құтты білік" дастанының көркемдік
ерекшеліктері және тілі.
ІІ модуль
16.
"Ақиқат сыйының" – тақырыбы
мен композициялық құрылысы, идеялық мазмұны.
17. "Диуани хикмет" - исламның дін-шариғат жолдарын бейнелеген жыр жинағы.
18. "Бақырғани кітабының"
негізгі идеясы.
19. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің тілі.
20.
Рабғұзи қиссаларындағы" жырланатын негізгі
мәселелер
21.
"Мұхаббат-наменің" ертедегі аңыздармен байланысы
және өмір шындығы.
22.
«Хұсрау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы.
23.
"Түркі тіліндегі Гүлстанның" парсы-тәжік
әдебиетінің классигі, әйгілі Сағди Ширазидің
"Гүлстан" атты шығармасымен байланысы
24.
"Түркі тіліндегі Гүлстан"
қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жарялануы.
25. «Жүсіп – Зылиха және Шығыс әдебиеті.
26. "Түркі шежіресі" - Шыңғысханнан
бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Дешті
Қыпшақ, Орта Азия, Таяу
Шығыс елдерінің жылнамасы.
27. "Тарих-и Рашиди - ХІҮ-ХҮІ
ғасырлардағы Монголстан мен Қашқарияда болған
тарихи оқиғалар шежіресі
28. "Бабыр-наменің" идеялық
мазмұны, тарихы, әдеби мәні, тілі.
3.2. Практикалық сабақтың тақырыптары
І модуль
1. Көне
түркі әдебиеті. (ҮІ- ІХғ.ғ.).
2. Орхон
жазуындағы жәдігерліктер. «Күлтегін» жырының
көркемдік ерекшеліктері.
3.
«Қорқыт ата» кітабы.
4. «Оғыз
- қаған» эпосы.
5. Әбу
Насыр Әл-Фараби - әмбебап ғалым, әдебиет зерттеушісі,
ақын.
6. Х-ХІІ
ғасырлардағы әдебиет. Махмұд
Қашғаридің «Диуани
лұғат ат-түрік» еңбегі – қазіргі түркі
тілді халықтардың бәріне ортақ мұра.
7. Жүсіп
Баласағұн «Құтты біліг» (Құтты білік)
дастанының негізгі идеясы.
ІІ модуль
8. Ахмад Иүгінеки «Хибатул
-Хақайық» (Ақиқар сыйы) дастанының
көркемдік ерекшеліктері.
9. Қожа
Ахмет Иассауидің «Диуани хикмат» еңбегінің негізгі идеясы.
10. Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмат» еңбегінің
негізгі идеясы.
11. Хорезми
«Мұхаббатнаме».
Құтб «Хұсрау – Шырын »
дастаны.
12. Сайф Сараи «Түркі тіліндегі Гүлстан»
Дүрбек «Жүсіп – Зылиха»
дастаны.
13.
Әбілғазы «Түркі шежіресі», Қадырғали Жалайыри
«Шежірелер жинағы.»
15. З.М.Бабыр –
көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы,
дарынды лирик, белгілі
жазушы, атақты тарихшы
- ғалым
3.3.
ОСӨЖ-дің тақырыптары
І модуль
1. Түрік қағанаты дәуіріндегі
әдебиет.
2.
Орхон ескерткішінің мазмұны,
мақсаты.
3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
4. «Қорқыт ата кітабын» талдау
5. Қорқыт жырларындағы өмір мен
өлім күресі.
6. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі.
7. «Оғыз наме» эпосы мен «Қобыланды батыр»
жырындағы ұқсас
көріністер.
8.
Әл-Фараби – энциклопедист-ғалым.
ІІ модуль
9.
Ислам дәуіріндегі әдебиет.
10.
А.Иасауидің өмірі, хикметтері.
11
Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабының мазмұны
мен мәні.
12.
Жүсіп Баласағұнның
«Құтты білік» дастаны.
13.
Махмұд Қашқаридың
«Диуани лұғат ат-түрік» сөздігі.
14.
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
15. «Тыңтума әдебиет»Махаббат наме» дастаны.
16. Нәзиралық шығармалар.
3.4.
СӨЖ-дің тақырыптары
І модуль
1. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі
2.Орхон ескерткіпггерінің жанрлық және
көркемдік ерекшеліктері.
3.Орхон ескерткішгерінің қазақтың
эпостық жырларымен ұқсастық-бірліктері.
4.Оғыз дәуіріндегі әдеби ескерткіштер.
5. «Қорқыт ата кітабындағы»
«Қам-Бураұлы Байсы-Бейрек» жыры және қазақ эпосы.
6.«Оғыз-қаған» жанрының көркемдік-стильдік
ерекшелігі.
7.Ислам
мәдениеті және түркі
әдебиеті.
8.Әл-Фараби - әдебиетші,
ақын.
9.Ахмет Иассауи және сопылық поэзия.
ІІ модуль
10.Ахмет
Иассауи «хикметтеріндегі дидактикалық сарын.
11.Сүлеймен Бақырғани поэзиясындағы
этика-мораль мәселесі.
12.«Құтты білік» дастанындағы
тәлім-тәрбие
мәселесі.
13.М.Қашқари
«Сөздігіндегі» тұрмыс-салт үлгілері.
14.М.Қашқари «Сөздігіндегі» аңыз-әңгімелерінің тарихилығы.
15.«Ақикат
сыйы» кітабының
тілі мен көркемдік ерекшелігі.
16.Алтын Орда әдеби
ескерткішіндегі дидактикалық сарын.
17.Рабғузи
қиссаларының қазақ ауыз әдебиетіндегі
үлгілері.
18. Сайф Сараидың «Гүлістан
бит-түрки» ескерткішінің жанрлық сипаты.
4. Оқытудың
техникалық құралдары(ОТҚ) және пәннің
әдістемелік тұрғыдан
қамтамасыз етілуі
4.1.Оқулықтар, оқу
құралдары, әдістемелік нұсқаулар, лекция
конспектілері,
анықтамалар т.б.
ҮІ-ІХ ғасырлар
1.
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің
ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.
2.
Ежелгі дәуір.
Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырған А.Қыраубаева
А-1991
3.
Келімбетов Н. Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиет.
Оқулық-хрестоматия А-1996
4.
Келімбетов
Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. А., 2000.
5.
Келімбетов
Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. -Астана,2000.
6.
Айдаров Ғ. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі. -А.,1986
7.
Акишев
К.А. и др. Древний Отрар. -А, 1972.
8.
Әбілғазы.
Түрік шежіресі/аударған Б.Әбілқасымов/. -А.,1992
9.
Бартольд
В.В.Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии//Соч.
-М., 1968
10.
Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана// Соч. т.2. -М.,
1963
11.
Бичурин Н.Я. Собр. сведений о народах, обитавших в Ср. Азии в древней времена. -М-Л.,1950
12.
Бердібаев
Р. Кәусар бұлақ.
Зерттеу. -А., 1989
13.
Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов//Соч. т.ІУ. -А, 1985
14.
Геродот. История в
девяти книгах. -Л., 1972
15.
Гумилев Л.Н. Древние
тюрки, -М.,1993
16.
Гумилев Л.Н. Древняя
Русь и Великая степь. -М.,1989
17.
Гафуров Б.Г. и др. Аль-Фараби в истории культуры. -М.,1975
18.
Дербісалиев
Ә. Қазақ
даласының жұлдыздары. -А., 1995
19.
Диваев
Ә. Тарту. Зерттеу.
-А., 1992
20.
Древности Казахстана.
Сборник. -А. ,1975
21.
Ескі
түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. -А., 1983
22.
Жолдасбеков М. Асыл арналар.
-А., 1986
23.
Иоллығ
Тегин. Күлтегін. /аударған М. Жолдасбеков/ -А., 1986
24.
Қасқабасов
С. Казахская волшебная сказка. -А., 1972
25.
Короғлы
Х.Г. Огузский
героический эпос. -М.,1976
26.
Көбесов А, Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,
1971
27.
Қорқыт
ата кітабы/ауд. Ә.Қоңыратбаев, М.Байділдаев/. -А,, 1986
28.
Кляшторный СТ. СұлтановТ.И. Казахстан.
Летопись трех тысячилетний. -А.,1972
29.
Қоңыратбаев
Т. Көне мәдениет
жазбалары. -А., 1991
30.
Қоңыратбаев
Ә. Қазақ
эпосы және түркология. -А.,
1987
31.
Қазақтың көне тарихы. Зерттеу. -А., 1993,
32.
Қазақ
әдебиетінің қысқаша тарихы. - А., 2001.
33.
Марғұлан
Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. -А.,1985
34.
Малов С.Е.Памятники
древнетюркской письменности.М-Л,
1979
35.
Оғыз-наме.
Мұхаббат-наме. -А.,
1986
36.
Өмірәлиев
X. "Оғыз-қаған" эпосының тілі. -А.1988
37.
Сүйіншәлиев
X. ҮІІІ-ХҮІІІ
ғасырлардағы
қазақ әдебиеті. -А-,1989.
Х-ХІІ ғасыр
38.
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші
кітап. -А.,1991
39.
Ежелгі дәуір әдебиеті. Екінші кітап. Хрестоматия. -А. ,1991
40.
Келімбетов
Н., Канафин Ә. Түркі халыктары әдебиеті.
Оқулық-хрестоматия. -А.1996
41.
Ахмет
Иүгінеки. Ақиқат сыйы /ауд. Ә.Құрыпжанов/. -А.,1985
42.
Бовков
А.К. Лексика среднеазиатского
тефсира ХІІ-ХІІІ.,-1963
43.
Байтүрсынов
А. Әдебиет танытқыш//Шығармалары.
-А.,1989
44.
Бартольд В.В. Двенадцать лекции по истории турецких народов Ср.Азии//Соч. т.Ү. -М.,1968
45.
Бертельс Е.Э. История персидско-таджикской литературы//Соч. Т.І. -М.Д96С
46.
Валитова А.А. Юсуф Баласагунский и
его "Кутадгу билиг". -М.,1951
47.
Гумилев Л.Н. Древняя
Русь и Великая степь. -М.,1989
48.
Жүсіп
Баласағұн. Құтты білік/ауд. А.Егеубаев/. -А., 1989
49.
Кенжебаев
Б. Қазақ әдебиеті
тарихының мәселелері. -А,1973
50.
Келімбетов
Н. Шығыстың
классикалық поэзиясы және қазақ әдебиеті А.,1962
51.
Кляшторный
С. Султанов Т. Казахстан. Летопись трех
тысячелетий. -А. ,1992
52.
Қоңыратбаев
Ә.,Қоңыратбаев Т.Көне мәдени
жазбалары.-А.,1991
53.
Қожа
Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. Х.Иманжанов/. -Түркістан,1991
54.
Казақтың көне тарихы. Зерттеу. -А.,1993
55.
МаловН.М. Памятники древнетюркской письменности. -М-Л.,
1951
56.
Махмұд Қашғари. Түбі бір түркі тілі/"Диуани лұғат ат-түрк"/. - А.,1993
57.
Махмұд Қашғари. Жаз бен қыс айтысы/ауд. Ф.Оңғарсынова/. - А.,1985
58.
Прошлое Казахстана в
источниках и материалах. Т.І. -М-А.,1985
59.
Письменные памятники и проблемы истории культуры
народов Востока. -М.,1970
60.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А.,1967
ХІІІ-ХҮ ғасыр
61.
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің
ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.,1986
62.
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Окулық. -А., 1991
63.
Ежелгі
дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құрастырған А.Кыраубаева/. -А., 1991
64.
Келімбетов
Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті.
~А., 1996
65.
Сүйіншәлиев Х.Қазақ әдебиетінің
қалыптасу кезеңдері.
-А.,1967.
66.
Сағындықұлы Б. «һабат-ул
хақайиқ» XII ғасыр ескерткіші. А., 2002.
67.
Ақынжанов
М. Қазақтың тегі туралы. Зерттеу. -А.,1962
68.
Албаки
Б.Қ. Тарихитаным. -А.,1994
69.
Әбілғазы.
Түрік шежіресі /ауд. Б.Әбілқасымов/. -А., 1992
70.
Бабырнама
/қазақ тіліне аударған Б.Қожабекұлы/. -А.1993
71.
Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. -А.,1989
72.
Бартолъд
Б.В. Шайбаниды//Сочинения.
т.2. -М.,1964
73.
Валиханов Ч.Ч. Из
"Тарихи Рашиди>//Сочинения.Т.ІҮ.-А.1985
74.
Гумилев Л.Н. Древняя
Русь и Великая степь. -М.,1989
75.
Ибатов А. Құтбтың"Хұсрау уа Шырын" поэмасының сөздігі. -А.,
1974
76.
Ертедегі
мәдениет куәлері. Жинақ. -А.,1966
77.
Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы
зерттеулер. Жинақ. - А.,1983
78.
Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері.
-А.,1973
79.
Казахстан в ХҮ-ХҮІІІ веках.
-А.,1969
80.
Кенжебаез Б Қазақ әдебиеті
тарихының мәселелері. -А.,1973
81.
Кляшторный, С.Султанов Т. Казахстан, Летопись
трех тысячелетий. -А.,1992
82.
Қыраубаева - Ғасырлар мұрасы. Зерттеу. -А,,1988
83.
Материалы по истории казахских
ханств ХҮ-ХҮІІІ веков. - А.,1969
84.
Наджип Э.Н. Мухаббат-наме Хорезми. –М 1965
85.
Наджип Э.Н Тюрк: язычный памятник XIҮ в. "Гулистан" С.Сараи. -А., 1975
86.
Оғыз-наме.
Мухаббат-наме. -А.. 1986
87.
Өмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ
поэзиясының тілі. - А., 1987
88.
Утемиш-Хаджи.
Чингиз-наме. -А.,1992
89.
Рашид ад-дин. Сборник летописей.Т.І. -М-Л.,1952
5. 2008/2009 оқу жылындағы
жұмыстық оқу бағдарламасына енетiн өзгерiстер мен
толықтырулар.
Жұмыстық
оқу бағдарламасына мынадай өзгерiстер енедi.
1.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жұмыстық
оқу бағдарламасы кафедра мәжiлiсiнде қайта
қаралып, өзгерiс енгiзiлiп бекiтiлдi.
«__» _____ 200_ж. хаттама №
Кафедра меңгерушiсi: Оразбаев Қ.
Енгізілген
өзгертулер келісілді:
__________________________________________ институт директоры
_____________________________________________________________
«__» __________ 200_ж.
Институттың әдiстемелiк кеңесінің
төрағасы:
______________________
«__»
________________________ 200_ж.